Бокстан Астанада жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Жасөспірімдер арасында 7 боксшымыз финалға жолдама алды.
Жартылай финалда боксшыларымыз басты қарсыластарынан басым болды. Нәтижесінде 7 боксшымыз алтын медаль үшін таласу мүмкіндігіне ие болды. Олар – Алдияр Бахадүр (48 келі), Нұрасыл Төлебек (52), Бекарыс Нұрмұхан (66), Жасұлан Бердалы (70), Жандос Алпысбаев (75), Бақытжан Айтмұханов (80) және Бексұлтан Қайратұлы (+80).
Қазақстаннан өзге Үндістаннан 6 боксшы финалға шықты. Одан кейін Түрікменстан мен Қырғызстаннан 3 боксшыдан жолдама алса, Өзбекстан, Иран елдерінен 2 боксшы ғана финалға өтті. Сондай-ақ Тәжікстан, Тайланд пен Жапония елдері бір-бір боксшыларына үміт артады.
Астанадағы Азия чемпионатына 22 елден 483 боксшы қатысуда. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сый тағайындаған. Өз салмағында чемпион атанған боксшы 1000 доллар, күміс жүлдегер – 500, қола медаль иесі 250 доллар иеленеді.