Любительский бокс
16 қаңтар 2017 16:08
 

Бұрымды боксшыларымыз Белгардтағы бәсекеде биіктен көрінді

  Пікірлер

blog.share

Бұрымды боксшыларымыз Белгардтағы бәсекеде биіктен көрінді ©bsv.org.rs

Қазақстандық боксшы қыздар Сербия астанасы Белградта өткен «"Nations Cup-2017" халықаралық турнирінде 27 медаль (9 алтын, 10 күміс, 8 қола) жеңіп алды. Бйожеткендер, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыста отандастарымыз мықтылығын мойындатты.

blog.share

Қазақстандық боксшы қыздар Сербия астанасы Белградта өткен «"Nations Cup-2017" халықаралық турнирінде 27 медаль (9 алтын, 10 күміс, 8 қола) жеңіп алды. Бйожеткендер, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыста отандастарымыз мықтылығын мойындатты.

«Ұлттар кубогы» халықаралық жарысы биыл алтыншы рет ұйымдастырылды. Барлығы 19 елдің құрамасы қатысты. Ал, боксшылардың нәтижесі «AIBA»-ның 2016 жылы шыққан жаңа ережесі бойынша есепке алынды.

Қазақстан құрамасы Сербиядағы жарысқа тас-түйін дайындықпен барды. Ересектер арасында негізгі құрам боксшылары да жарыс жолына шықты. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова финалда қытайлық Джанн Джиді жеңіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ финалдағы екі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы қыздар жұдырықтасты. 54 келіге дейінгі салмақта Дина Жоламан мен Аида Тұяқбай, 81 келіге дейінгі салмақта Фариза Шалтай мен Юлдыз Маматкулова финалда жолықты. Бұл – қазақстандық боксшы қыздардың бәсі жоғары болғанының бір көрінісі.

Қазақстан құрамасы ересектер арасында 6 алтын 2 күміс 4 қола медаль жеңіп алды. Ал жастар арасында Сандуғаш Әбілхан, жасөспірімдер арасында Жамила Болат пен Балжан Асқар жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс қорытындысы төмендегідей:

Жеңімпаздар

Бойжеткендер:

Дина Жоламан (54 келі)

Римма Волосенко (60 келі)

Валентина Хальзова (69 келі)

Дариға Шәкімова (75 келі)

Фариза Шалтай (81 келі)

Лаззат Кунгейбаева (+81 келі)

Жастар:

Сандуғаш Әбілхан (57 келі)

Жасөспірімдер:

Жамила Болат (66 келі)

Балжан Асқар (70 келі)

Күміс жүлдегерлер

Бойжеткендер:

Жайна Шекербекова (51 келі)

Аида Тұякбай (54 келі)

Алия Абдраимова (64 келі)

Юлдыз Маматкулова (81 келі)

Жастар:

Адина Қалдыбай (57 келі)

Айжан Мәдибек (48 келі)

Арайлым Бекділдә (+81 келі) 

Жасөспірімдер:

Ақбота Таңғатар (46 келі) 

Арай Есбергенова (52 келі)

Жанат Нұрсұлтанқызы (70 келі)

Қола жүлдегерлер:

Бойжеткендер:

Алуа Балқыбекова (48 келі) 

Айгерим Ошакбай  (57 келі)

Сания Султанкызы  (57 келі)

 Айжан Ходжабекова (60 келі) 

Зура Кусайнова (69 келі)

 Виолетта Князева (75 келі)

Молдир Базарбаева (81 келі)

Жастар:

Сезім Болатбек  (54 келі)

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы барлығы 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бесінші орын алған еді. 

Жарнама

Живи спортом!