Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына дайындығын бастады

Сурет: ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын бастады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дайындық жұмыстары 26 маусымға дейін жалғасады.

Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Зәкір Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев және Надежда Рябец қорғайды. 

Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Метки:
Жаңалықтар