Бокстан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы елордадағы "Президент кубогі" қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жэатыр, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. 

Оқу-жаттығу жиынына команда мүшелері тегіс қатысуда. Команданың дайындық барысымен Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай танысып қайтты. 

Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев турнирге қатысатын боксшылар тізімін атады. Кубоктік додаға Азия чемпионтаны қатысқан құрам мен Спартакиада жеңімпаздары қатысады.








Метки:
Жаңалықтар