Бокстан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

Сурет: ҚФБ
Кеше бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан спорттық базада өздерінің оқу-жиынын бастады. 

"Сантитарлық нормаларға сәйкес ұлттық командамыздың барлық мүшелері жиынға келер алдында және осы жерде коронавируске тест тапсырды. Алғашқы аптада Талғарда ашық аспан астында жаттығамыз. Одан кейін жиынымызды айтулы аудан аумағында қоныс тепкен Олимпиадалық даярлау орталығында жалғастырмақ ниеттеміз. Осы жерде ауыртпалық артады. Атап айтсақ, боксшылар кросс жүгіреді, тренажер залында шынығады, бассейнде жүзеді, тау-тасқа шығады. Бұл функционалдық даярлықты жетілдіру үшін өте қажет. Ал соңғы аптада рингте жаттығып, спаррингтер өткіземіз. Алатау бөктерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 5 қазанға дейін созылады",- дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

Ғ. Кенжебаевтың айтуынша, бұған дейін ұлттық құрама сапындағы боксшылар өз өңірлерінде даярланып, Алматыдағы жиынға жақсы бабында келген екен.

Бірінші аптада боксшылар карантинде болады. Сондықтан жаттығудың барлығы далада өтеді. Барлық боксшылар жиын алдында коронавирусқа тест тапсырған. Енді олар Талғардағы базада да тест тапсырады. 

Карантин аптасы аяқталған соң боксшылар Олимпиадалық резервті даярлау орталығына барады. Ол жақта да тест тапсырады. 

Жалпы бұл оқу-жаттығу жиындары 7 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді. 



Метки:
Жаңалықтар