Любительский бокс
26 желтоқсан 2017 13:31
 
Бокстан Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды

  Пікірлер

blog.share

Бокстан Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды @Данияр Майлыбаев

Қарағанды қаласында бокстан ҚазССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXХІV халықаралық турнир мәресіне жетті. Төрт күнге созылған шаршы алаңдағы жекпе-жектер қорытындысы бойынша үздік боксшылар анықталды.

Биылғы жарыста Ресей, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген боксшылар бақ сынады. Барлығы 195 боксшы (157 ер, 38 қыз) қатысты.

Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокс додасы – талай боксшылардың үлкен спортқа қадам жасауына септігін тигізген еліміздегі ең ірі жарыстардың бірі. Тарихы тереңде жатқан бұл бокс бәсекесінен Олимпиада чемпиондары мен талай әлем чемпиондары түлеп шыққан. Атап айтар болсақ, бүгінде кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Геннадий Головкин бұл турнирде бес рет топ жарған. Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров пен Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов та Ғалым Жарылғапов турнирінің бес дүркін чемпиондары атанған. 2000 жылы Сидней Олимпиадасының шыңын бағындырған марқұм Бекзат Саттарханов та бұл турнирде үш рет жеңімпаз тұғырынан көрінген. Одан өзге, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев те бұл турнирді үш рет жеңген боксшылар қатарынан. Ал «Ғалым Жарылғапов турнирінде ең көп топ жарған боксшы кім?» дегенге келсек, Сарыарқа төсінде туып-өскен Аркадий Топаевтың есімін ерекше мақтанышпен айта аламыз. 1994 жылы әлем кубогының жеңімпазы атанған былғары қолғап шебері бұл турнирді жеті рет ұтқан жалғыз боксшы.

Ғалым Жарылғапов 1939 жылдың 22-желтоқсанында дүниеге келген. Спортты серік еткен тұлға қазақ боксының нағыз жанашыры болған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері мен спорт шебері атақтарына қол жеткізген. Кейін былғары қолғабын шешкеннен кейін де шаршы алаңның айналасынан алыстай алмаған. Бапкерліктен бастап, облыстық туризм және спорт комитетінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген. 1984 жылы Ташкентте КСРО халықтарының спартакиадасы ұйымдастырылып, оған Қазақстанның өкілі ретінде Ғалым Жарылғапов та қатысқан. Сол жарыста білікті бапкер дүниеден озды. Жекпе-жектер кезінде шаршы алаңның жанында қазақ боксшыларына жанкүйер болып отырған Ғалым Жарылғаповтың жүрегі ұстап, тілге келместен көз жұмған. Ал екі жылдан кейін, яғни 1986 жылы ұлы Нұрғазы Жарылғапов алғаш рет осы турнирді өткізуді қолға алыпты. Содан бері дода дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Әйелдер

51 кг

I Жайна Шекербекова (ОҚО)
II Әйгерім Қасенаева (Астана)
III Ақерке Хусаинова (Алматы), Махаббат Тоқмағамбетова (Қостанай облысы)

54 кг

I Рано Пархатова (Алматы)
II Аида Тұяқбай (ОҚО)
III Динара Жамирова (Алматы), Ферангиз Хошимова (Өзбекстан)

57 кг

I Сания Сұлтанқызы (Астана)
II Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы)
III Владислава Кухта (Қостанай облысы), Едгорой Мирзаева (Өзбекстан)

60 кг

I Айжан Ходжабекова (Қарағанды облысы)
II Карина Ибрагимова (Ақмола облысы)
III Жанна Серікова (Қостанай облысы), Шаира Зулкайнарова (Тәжікстан)

75 кг

I Аида Оңдаш (Қызылорда облысы)
II Виолетта Князева (Қарағанды облысы)
III Әмина Аманқұл (ОҚО), Ақерке Бахытжан (Қызылорда облысы)

Ерлер

49 кг

I Кумар Какара (Үндістан)
II Мирлан Туркбайуулы (Қырғызстан)
III Әлішер Айтхожанов (Алматы облысы), Дулат Даутов (Қызылорда облысы)

52 кг

I Ақниет Балтабаев (Қарағанды облысы)
II Бағдат Толыбаев (Жамбыл облысы)
III Азиз Санатбаев (Қызылорда облысы), Абдулла Кучкаров (Өзбекстан)

56 кг

I Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)
II Шерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы)
III Абылай Сайлаубеков (Павлодар облысы), Рустем Шауменов (Қарағанды облысы)

60 кг

I Шукуржан Рахимов (Өзбекстан)
II Каучик Маниш (Үндістан)
III Хасен Азизбеков (ШҚО), Асылхан Ұзакбаев (Атырау облысы)

64 кг

I Азамат Нұркен (Қарағанды облысы)
II Асқар Эрубек (Алматы облысы)
III Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы), Мирас Ертанов (Алматы облысы)

69 кг

I Абду Абдурахманов (Қырғызстан)
II Демежан Сайдағали (Алматы)
III Фазлиддин Мелибоев (Өзбекстан), Ислом Турсунбоев (Өзбекстан)

75 кг

I Жусіп Қуандык (Қызылорда облысы)
II Амандык Манашев (Атырау облысы)
III Жангра Мандип (Үндістан), Аман Қазанқапов (Жамбыл облысы)

81 кг

I Шаббос Негмагуллоев (Өзбекстан)
II Казим Мардонов (Өзбекстан)
III Рустам Галямов (Қарағанды облысы), Наурыбек Сағымбеков (Қарағанды облысы)

91 кг

I Танвар Наман (Үндістан)
II Нұрлан Сабыров (Маңғыстау)
III Жамшид Абдуллаев (Өзбекстан), Артём Пчеляков (Қостанай облысы)

+91

I Сатиш Кумар (Үндістан)
II Рустэм Баешев (Қарағанды облысы)
III Дархан Ерғали (Алматы облысы), Дмитрий Зиско (Қарағанды облысы).

Жарнама

Живи спортом!