Любительский бокс
14 ақпан 2017 10:30
 
Бокстан Азия біріншілігі Ташкентте өтетін болды

  Пікірлер

blog.share

Бокстан Азия біріншілігі Ташкентте өтетін болды ©kfb.kz

2017 жылғы бокстан "сары құрлықтың" басты бәсекесі, яғни Азия біріншілігі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (AIBA) күнтізбесі бойынша бұл біріншілік негізі биыл Индонезияда өтуі тиіс болған. Бірақ бұл ел қаржылық қиындықтарға байланысты Азия біріншілігін қабылдаудан бас тартты. Сөйтіп AIBA күнтізбесіне өзгеріс енгізіп отыр. 

Енді бокстан ересектер арасындағы Азия біріншілігі Өзбекстанның астанасы Ташкен қаласында өтетін болды. Айта кетейік, Ташкент осымен Азия біріншілігін үшінші рет қабылдайын деп жатыр. Бірінші рет бұл қалада "сары құрлықтың" басты додасы 18 жыл бұрын, 1999 және 1995 жылы өткен еді. 

Биылғы Азия чемпионаты 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!