Бокстан әлем чемпионы мемлекеттік жаттықтырушы атанды

©Vesti.kz, Ярослав Радловский

Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшысы 33 жастағы Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Өткен аптада танымал боксшы Мерей Ақшалов бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды. Абыройлы қызметте табыс тілеймін! Еліміз үшін және әр қазақстандық үшін бокстың орны бөлек. Сол үшін әрдайым әлемдік бокс бәсекесінің алдыңғы сапында болуымыз керек", - деп жазды Абаев Facebook парақшасында. 

Еске салайық, Ақшалов карьерасын 2014 жылы денсаулығына байланысты аяқтады. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысқан. "Астана арландары" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсеткен. 2013 жылы тамызда Азия чемпионы, сол жылы қыркүйекте Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған. 2021 жылдың мамыр айында ол Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайынлады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар