Любительский бокс
3 маусым 2021 14:23

"Бокста ереже бар ма?". Қазақстандық спортшы АЧ-дағы төрешілерді сынап тастады

Василий Левит. Сурет: Olympic.kz

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Артем Резников бокстан Азия чемпионатындағы Василий Левиттің қатысуымен өткен кездесуде төрешілер берген бағамен келіспейтінін айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Дубайда өткен доданың финалдық кездесуінде 91 келіде өнер көрсететін Левит үнді жігіті Санжиттен 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Марапаттау рәсімінде қазақстандық боксшы күміс медальді тағудан бас тартты. 

"Түсінбеймін, бокста ереже бар ма? Әлде ол жақта қарсыластың соққысына шыдап берген боксшыларға жеңісті бере салады ма? Олимпиада ойындарының финалында жеңіс бермеді. Әлем чемпионатының ширек финалында сүріндірді. Ал енді Азия чемпионатының финалында айқын жеңісін ұрлап алды. Менен өмірімде жеңісті бір рет тартып алды. Соны әлі ұмытқан жоқпын. Левитті осындай ірі жарыста сүріндіріп жатыр.", - деп жазды Резников Instagram әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, соңғы Азия чемпионатының финалына ерлер арасында бес қазақстандық боксшы шығып, бесеуі де жеңіліп қалды.