Әуесқой бокс
24 ақпан 2017 20:20
 

Боксшыларыз Болгариядағы жарыста бақ сынап жатыр

  Пікірлер

blog.share

Боксшыларыз Болгариядағы жарыста бақ сынап жатыр Сурет ҚБФ сайтынан

Болгария елінің астанасы Софияда «Страндж» халықаралық турнирі басталды. Биыл бұл жарыс 68-ші рет ұйымдастырылып отыр екен, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Болгариядағы жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшы қатысуда. Өкінішке орай, турнирдің бірінші кезеңінде екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Құрметов грузин боксшысы Отар Ераносянға 2:3 есебімен ұтылды. Ал 56 келіге дейінгі салмақта соңғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбол Қалжанов өзбек боксшысы Бахтовар Назирбековке жеңілді.  Ал Азамат Исақұлов (52 келі) Англия боксшысына есе жіберді - 1:4.

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) нидерланд боксшысы Хавьер Кохленді айқын ұтты. «Astana Arlans» сапында өткен аптада өзбек боксшысынан басым түскен ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев үнді боксшысы Сатиш Кумардан 5:0 есебімен айласын асырды. Ержан Жомарт (49 келі) та бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Ержан өткен жылы осы турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Бүгін 75 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет София қаласындағы шаршы алаңға шығады. Жарыстың жартылай финалы мен финалдық жекпе-жектері 25-26 ақпан күндері өтеді.

blog.share
Болгария елінің астанасы Софияда «Страндж» халықаралық турнирі басталды. Биыл бұл жарыс 68-ші рет ұйымдастырылып отыр екен, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының
баспасөз қызметі.

Болгариядағы жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшы қатысуда. Өкінішке орай, турнирдің бірінші кезеңінде екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Құрметов грузин боксшысы Отар Ераносянға 2:3 есебімен ұтылды. Ал 56 келіге дейінгі салмақта соңғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбол Қалжанов өзбек боксшысы Бахтовар Назирбековке жеңілді.  Ал Азамат Исақұлов (52 келі) Англия боксшысына есе жіберді - 1:4.

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) нидерланд боксшысы Хавьер Кохленді айқын ұтты. «Astana Arlans» сапында өткен аптада өзбек боксшысынан басым түскен ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев үнді боксшысы Сатиш Кумардан 5:0 есебімен айласын асырды. Ержан Жомарт (49 келі) та бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Ержан өткен жылы осы турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Бүгін 75 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет София қаласындағы шаршы алаңға шығады. Жарыстың жартылай финалы мен финалдық жекпе-жектері 25-26 ақпан күндері өтеді.

Жарнама

Живи спортом!