Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан Жасөспірімдер Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Жұмағали Нұрмахан чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы финалда үнді спортшысы Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңіп, қарсыласынан мықты екенін дәлелдеді.
Осылайша ол бокстан ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Арман Мырсабит финалда өзбек боксшысын жол беріп, күміс жүлдегер атанған болатын.
Жарнама