Любительский бокс
5 желтоқсан 2017 12:09
 
Бокс федерациясы 2017 жылдың үздіктерін анықтады

  Пікірлер

blog.share

Бокс федерациясы 2017 жылдың үздіктерін анықтады

Қазақстан бокс федерациясы 2017 жылғы үздіктерді марапаттады.

Ерлер арасында «2017 жылғы үздік боксшы» номинациясы бойынша Гамбургте өткен әлем чемпионатында «алтын» алған Қайрат Ералиев жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында бұл атаққа Азия чемпионы Мадина Нұршаева ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы үздік боксшы атағына жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған Арайлым Бегділда ие болды.

Ал «бокстан ерлер арасындағы үздік жаттықтырушы» номинациясымен Қайрат Ералиевтің жеке жаттықтырушысы ерлер арасындағы ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов марапаталса,   «Әйелдер арасындағы бокста үздік жаттықтырушы» атағын  Мадина Нұршаеваның жаттықтырушысы Шамиль Сафиуллин жеңіп алды.

2017 жылдың ең жақсы жаттықтырушысы атағы жасөспірімдер құрамасының Азия чемпионатында алты алтын медаль алған Қайрат Сәтжановқа бұйырды.

Қыздар командасының аға жаттықтырушысы Алмас Қуатбеков «Қыздар құрамасының үздік жаттықтырушысы» аталымы бойынша үздік атанды

Үздік төреші атағына ҚБФ төрешілік комиссиясының төрағасы Ермек Сүйеніш, үздік аймақтық федерация - Асқар Құлыбаев атындағы турнирдің  ұйымдастырушысы  Атырау облысының федерациясы  атанды.

Сондай-ақ, қазақ боксын дамытуға және жас боксшыларды тәрбиелеу ісінде  үлкен үлес қосқан адагерлер Виктор Гребенюк, Александр Аникин, Болат Нұрсейітов пен Рахымжан Сыдықовтарға да құрмет көрсетілді.

Жарнама

Живи спортом!