Бекзат Нұрдәулетовтің кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды

©instagram.com/adal_promotions/

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетовтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Нұрдәулетов келесі кездесуін 11 маусым күні Ақтау қаласындағы бокс кешінде өткізеді. Оның қарсыласы аргентиналық Дурваль Паласио (9-2, 6 КО) болады. 

Айта кетейік, Нұрдәулетов ақпанда Ақтаудағы бокс кешінде Нидерланды елінің боксшысы Чико Квазиді (5-1-1, 2 КО) нокаутпен жеңіп, жастар арасында жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін иеленген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар