auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Азия біріншілігінде алтын алған қазақ боксшыларын білесіз бе?

Азия біріншілігінде алтын алған қазақ боксшыларын білесіз бе?
30 сәуір күні Өзбекстанның бас шаһары Ташкент қаласында бокстан ерлер арасындағы 29-шы Азия біріншілігі бастауын алады. Осы орайда Vesti.kz порталының тілшісі қазақ боксының тахины көз жүгіртіп, "сары құрлық" бәсекесінде топ жарған қазақ боксшыларының тізімін жасап шықты. 

Ташкент төрінде өтетін додаға Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов оң оғланымызды алып барады. Құрамада жас боксшылар бар. Жәнібек Әлімханүлы, Әділбек Ниязымбетов секілді талай сыннан сүрінбей өткен мықты боксшыларымыз жоқ. 

Жалпы Қазақстан құрамасына Азияның алтыны бірінші рет 1994 жылы бұйырды. Тіпті алтынды күреп алдық десек те болады. Иранда өткен додада біздің боксшылар бес алтын жеңіп, командалық есепте бірінші орын алды. 

Иранда өткен Азия біріншілігінің жеңімпаздары: 

48 келі: Болат Жұмәділов;
63,5 келі: Болат Ниязымбетов;
67 келі: Нұржан Сманов;
71 келі: Қанатбек Шағатаев;
75 келі; Аркадий Топев. 

Араға бір жыл өткеннен кейін біздің боксшылар жоғарыдағы көрсеткіштен де асып түсті. Ташкентте Василий Жиров пен Ермахан Ибраимов секілді саңлақтарымыз бастап барған біздің боксшылары 12 салмақ дәрежесінде алты алтын жүлде олжалады.

Ташкентте өткен Азия біріншілігінің жеңімпаздары: 

51 келі: Болат Жұмәділов;
54 келі: Бектас Әубәкіров;
57 келі: Бақтияр Тілегенов;
63,5 келі: Болат Ниязымбетов;
71 келі: Ермахан Ибраимов;
81 келі: Василий Жиров. 

1997 жылғы Азия біріншілігі Таиланда өтті. Бұл додада ринг иелері командалық есепте бірінші орын алса, екінші орынды үш алтын алған Өзбекстан құрамасы иеленді. Екі алтын жеңіп алған Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. 

Тайланда өткенАзия біріншілігінің жеңімпаздары: 

67 келі: Нұржан Сманов;
91 келі: Самат Мұсатаев. 

20-шы Азия чемпионатын да Ташкент қабылдады. Бірақ бұл жолы өзбек боксшылары оқ бойы озық шықты. Олардың жеті бірдей алтынды иеленді. Ол кезде Өзбекстан құрамасы сапында даңқты Руслан Чагаев пен Рустам Саидов секілді саңлақтар бар еді. Қазақстан құрамасы болса бұл турнирде екі алтын және екі күміс жүлде олжалады. Финалдық кездесулерде Бекзат Саттарханов пен Мұхтарған жеңіліп қалды. 

Ташкентте өткен Азия біріншілігінің жеңімпаздары: 

60 келі: Нұржан Кәрімжанов;
71 келі Ермахан Ибраимов.

2002 жылы Малайзияда өткен "сары құрлықтың" бәсекесін біздің құрама үшін сәтсіз өтті. Жүлдеге тек Бақтияр Артаев ғана қол жеткізді. Оның өзі күміс алды. Осы турнирде Өзбекстанның атынан шыққан Бақыт Сәрсекбаев алтын алды (2004 жылы ол Қазақстанның азаматтығын алып, Пекин Олимпиадасында бізге алтын жүлде жеңіп берді). 

2004 жылы өткен Азия біріншілігінде Галиб Джафаров (57 келі( Геннадий Головкин (75 келі) және Бейбіт Шүменов (81 келі) секілді боксшыларымыздың бағы жанып, алтыннан алқа тақты. Головкин финалда қарсыласын екінші раудтта нокаутпен жеңген болатын. Бұл біріншілікте Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. 

Олимпиададан кейін, яғни 2005 жылы өткен Азия чемпионатын Пәкістан құрамасы жеңіп алды. Бұл елдің үш боксшысы алтын алды. Бірақ финалға шыққан үш боксшымыздың екеуі тұғырдың биік сатысына шықты. 

69 келі: Бақыт Сәрсекбаев;
81 келі: Ердос Жаңабергенов. 

2007 жылы Моңғолияда өткен Азия біріншілігінде Мират Сәрсембаев (51 кел), Серік Сәпиев (6 келі) және Бақыт Сәрсекбаев (69 кел) топ жарды. 

2008 жылы Василий Левит (91 кел) пен Серік Сәпиев (69 келі) тағы бірінші орын алса, 2011 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Айдар Әмірзақов (60 келі) пен Досжан Оспанов (91 келі) үздік шықты. 

Қазақстан құрамасы үшін 2013 жылы Иорданияда өткен Азия біріншілігін сәтті өтті. Бұл біріншілікте финалға шыққан сегіз боксшымыздан тек Әділбек Ниязымбетов Ойбек Мамазулуновтан жеңілгені болмаса, қалған жеті боксшымыз алтын алды. Олар: 

49 келі - Теміртас Жүсіпов;
60 келі - Берік Әбдірахманов;
64 келі - Мерей Ақшалов;
69 келі - Данияр Елеусінов;
75 келі - Жанібек Әлімханұлы;
91 келі - Антон Пинчук;
91 келіден жоғары - Иван Дычко.

2015 жылы Тайландта бес боксшымыз алтын жүлде жеңді.

52 келі - Олжас Сәттібаев;
69 келі - Данияр Елеусінов;
81 келі - Әділбек Ниязымбетов;
91 келі - Василий Левит;
91 келіден жоғары - Иван Дычко.

Еске салайық, Азия біріншілігі 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді. "Сары құрлықтың" басты бәсекесінде Германияда өтетін әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама