Әуесқой бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды

©iba.sport

Ерлер арасында бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды. Сонымен қатар, бұл турнирдегі сыйақы мөлшері де белгілі, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлем чемпионаты 2023 жылдың 1 және 14 мамыры аралығында Ташкент қаласында өтеді. 

"Бокс тарихында бірінші рет жүлде қоры 5,2 миллион АҚШ долларына жетті. Бірінші орын алған боксшыға 200 мың, екінші орынға 100 мың, ал үздік үштікке кірген боксшыға 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі", - деді Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Крмелев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар