Асыланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутқа түсірді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы кездесуінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аммандағы турнирдің 1/8 финалында 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қазақстан құрамасының капитаны ширек финалға шықты. 

Еске салайық, осыған дейін Амманда Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбаурв, Назым Қызайбей жеңіске жеткен еді. Ал Санатәлі Төлтаев жеңіліп қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар