Бокстан әлем чемпмонатында жүлдеге ілініп, чемпион атанған былғары қолғап шеберлері Қазақстан чемпионатына қатыспайды.
Бізге жеткен ақпарат бойынша, Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Белградта бақтарын сынап, жүлделі орындарға ілінген және жеңіске жеткен боксшыларды Қазақстан чемпионатынан босату туралы шешім шығарған. Бұл боксшылардың барлығы да демалады.
Еске салайық, Сербия жерінде Қазақстан құрамасы бес жүлде жеңді. Тарқатып айтсақ, Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов алтын алса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс, ал Абылайхан Жүсіпов қола жүлде иеленді.
Ал бокстан Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өтуі керек. Қыздар арасындағы бәсеке 7 және 12 желтоқсан күндері өтсе, ерлер арасындағы ішкі біріншілік 14 және 24 желтоқсан болады.