auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлем чемпионатында күміс алған қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа облыс әкімі көлік мінгізді

Әлем чемпионатында күміс алған қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа облыс әкімі көлік мінгізді
Бокстан әлем чемпионатында жүлдеге ие болған қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа облыс әкімі көлік сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімінің бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырымбек Көшербаев Германия мен Қытайда өткен жарыстардың күміс жүлдегерлерімен кездесті. Халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізгені үшін облыс әкімі Қамшыбек Қоңқабаевқа көлікке сертификат, ал Рүстем Сыбайға - екі миллион теңгенің сертификатын, жаттықтырушылардың әрқайсысына 500 мың теңгеден табыс етті.

25 тамыз бен 2 қыркүйек аралығы Гамбургте әуесқой боксшылар арасында XIX әлем чемпионаты өткен. Онда Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және үш қола жүлдеге қол жеткізіп, командалық есеп бойынша үшінші орын иеленді. Қазақстан құрамасына күмістің бірін Камшыбек Қоңқабаев ұтып берген еді.

Ауыр атлет Рүстем Сыбай Тайбейде өткен 29-шы Бүкіләлемдік жазғы универсиадада екнші орыннан көрінді. Облыс әкімі спортшыларды құттықтап, Алдағы Азия ойындары мен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада жеңіске жетуге тілектестік білдірді.

"Еңбексіз жеңіс жоқ. Сіздердің жетістік өзгелерді ынталандырады. Сіздер еліміздің халықаралық спорт аренасындағы беделін сақтап қалып, бапкерлер мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар", - деді өңір басшысы.

2017 жылдың басынан Қызылорда облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттарында - 563, Азия және әлем чемпионаттарында 53 жүлдеге қол жеткізді. Облыс спортшыларынан ұлттық құрама сапына 420 адам кірген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама