Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен қазақстандық боксшының қанша сыйақы алатыны айтылды

©olympic.kz

Түркияда өтетін әлем біріншілігінде жүлдеге іліккен Қазақстан құрамасының боксшылары қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Аталған додада алтын алған боксшы 100 мың доллар сыйақы алатын болды. Ал күміс жүлде үшін 50 мың доллар, қола үшін 25 мың доллар сыйақы беріледі. 

Айта кетейік, бұл әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 12 боксшы қорғайды. Бәсекенің бірінші жарыс күні ертең, 9 мамырда басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
17 қыркүйек, 11:30
Любительский бокс
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны аусты