ӘЧ-де жүлдеге іліккен бұрымды боксшылар сыйақыларын алды
Бүгін Алматыда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Кеңес Рақышев, ҚБФ атқарушы директоры Азиз Қожамбетов, республикалық Спортты дамыту дирекциясының директоры және ҚБФ вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Ержан Қосмамбетов былғары қолғап шеберлеріне, олардың бапкерлері мен Ұлттық құрамадағы кешенді-ғылыми топ өкілдеріне қаржылай сертификат табыстады.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда өткен әлем чемпионатында 5 медаль (1 күміс, 4 қола) жеңіп алғанын айта кетейік.
"Өздеріңіз білетіндей, Ыстамбұлда 72 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласты. Бұл сында да біздің қыздар толық құрамда өнер көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті. Осы тұста бұл біз үшін ең табысты әлем чемпионатының бірі болғанын атап өтуге болады. Өзім осы әлем чемпионатында болып, финалда Алуа Балқыбековаға қолдау көрсеттім. Өз басым біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда деп сенемін. Бәріңізге тынбай еңбек етіп, қайсарлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын", - деді Кеңес Хамитұлы құттықтау сөзінде.
Кішігірім баспасөз конференциясынан кейін еліміздің үздік боксшылары ақшалай сертификаттар мен соңғы үлгідегі ұялы телефонға ие болды. Кеңес Рақышев өз атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбековаға 30 000 АҚШ долларын табыстады. Ал қола жүлдегерлер – Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова мен Валентина Халзова федерация президентінен 10 000 АҚШ долларын алды.
Шамиль Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар штабының өкілдері, жеке жаттықтырушылар мен ғылыми топ та назардан тыс қалмады. Олар 800-ден 1 300 АҚШ долларына дейін сыйақы алды.
Жарнама