ӘЧ-2022. Алтын жүлдеге таласатын боксшымыздың жекпе-жегіне тікелей трансляция

©instagram.com/aiba_official/

Бүгін, 19 мамыр күні Алуа Балқыбекова Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

48 келі салмақтың финалдық жекпе-жегінде Балқыбекова Түркия елінің боксшысы Айша Чагирирмен жолығады. Бұл әлем чемпионатында бірінші финалдық жекпе-жек болады. 

Аталған жекпе-жекті QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. 

Айта кетейік, Түркияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы төрт қола жүлде алды. Оны біздің қоржынға Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар