LooZ69BjuQSONbHMmgmSVu0zMxTGlyYPgZPY8Neq
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Әбілхан Аманқұл Рио Олимпиадасының чемпионын жеңді

Әбілхан Аманқұл Рио Олимпиадасының чемпионын жеңді
Данияр Майлыбаев
Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған  Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шықты. Отандасымыз Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті жеңді.

Бірінші раундта боксшылар бір-бірінің қателігін күтіп, бақылаумен өткізді. Жылдам белсенділік танытып, шабуылға шығуға асықпады.  Екінші раундта тәжірибелі кубалық боксшы басымдығын танытып шықты. Үшінші раундта Әбілханның басымдығы байқалып, жеңіске бастар жолды таба білді.

Қос боксшы осы жылдың өзінде екінші рет шаршы алаңда жолықты. Шілде айында Астанада өткен WSB жобасының финалында "Бостандық аралының" боксшысына жол беріп алған еді. Сол есесін бүгін әлем чемпионатында қайтарды.

Әбілхан Аманқұл келесі кездесуінде әзірбайжандық Камран Шахсуварулымен жұдырықтасады. Кезінде қазақ елінің атынан жарыстарға қатысқан боксшы кейіннен Әзірбайжан еліне кеткен. 2016 жылы Рио Олимпиадасының ширек финалында Жәнібек Әлімханұлын жарыс жолынан шығарған болатын.



Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан мен Қайрат Ералиев жартылай финалға шыққан еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар