Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты, деп хабарлайды Vesri.kz.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты, деп хабарлайды Vesri.kz.
30 жастағы боксшы әуесқой бокспен бір жолата қош айтысқан. Жуық арада ол не кәсіпқой боксқа ауысу мүмкін немесе спортты түбегейлі қойып, бапкерлік қызметкен ауысуы ықтимал.
Айта кетейік, Әбдірахменов 60 келі салмақтың көшін 2013 жылы Ғани Жайлауов карьерасын аяқтағаннан кейін ұстаған болатын. Актаулық боксшы 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және сол жылы Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.
Сонымен қатар ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласын өткен Олимпиада ойындарына да қатысты. Бірақ, турнирдің бірінші айналымында америкалық Карлос Балдермастан жеңіліп қалған еді.
Жарнама