Любительский бокс
14 тамыз 2018 09:01
 
Рой Джонс бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті

  Пікірлер

blog.share

Рой Джонс бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті Рой Джонс.© fightland.vice.com

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы әрі 1988 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рой Джонс  бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, - деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметі.
Америкалық былғары қолғап шебері Астанадағы ұлттық құраманың базасына қарағандылық "Шахтер" футбол клубының жейдесін киіп келген. 

"Джонс базаға күтпеген жерден келді. Негізі оны басқа бір спорттық шараның қонағы болуға шақырған, алайда Азиадаға дайындық шаралары жүріп жатқанын есітген ол біздің боксшыларымызбен жүздесуді қалаған", - делінген ҚБФ ресми сайтында. 

Базада Джонс боксшылармен және ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сөйлесті. Ол құрамаға Азиада ойындарында абыроймен өнер көрсетуді тіледі. 

"Сіздердің бірнеше алтын медальдарды алатындарыңызды білемін. Мен қазақстандық бокс тарихын білемін, әлемде сіздердің өз орындарыңыз бар. Әуесқой бокста және кәсіпқойда да қазақстандықтар сан мәрте өз мықтылықтарын көрсетті - сол себепті сіздер бүгінде ең мықты командасыздар, сіздердің жеңіске жететіндеріңізге сенемін", - Джонс. 

Сурет ҚБФ баспасөз қызметінен 

Жарнама

Живи спортом!