21 жастағы Нұрқанат Райыс әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
75 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін 21 жастағы Райыс бірінші айналымда черногориялық Стефан Савковичпен жолығып, жеңіске жетті. Екінші айналымда отандасымыз Молдава елінің боксшысы Влад Гаврилычпен жолығады.
Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне Сәкен Бибосынов та шыққан еді. Ол бірінші айналымда 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан айласын асырды.
Бұдан бөлек, екінші айналымда Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) өнер көрсетеді.
Жарнама