2021 жылы әуесқой боксшылар арасындағы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды

Сурет: AIBA©

2021 жылы әуесқой боксшылар арасындағы әлем чемпионатының қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы AIBA ресми сайтына сілтеме жасап. 

Келесі жылғы ерлер арасындағы әлем біріншілігі Сербияның Белград қаласында, 26 қазан мен 6 қараша арасында өтеді. 

Айта кетейік, бұған дейін әлем біріншілігі 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өтті. Бұл әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы алты жүлде (бір алтын, бір күміс, төрт қола) жеңіп алды. 

 

Метки:
Жаңалықтар