auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қыркүйекте Қазақстанда күрес тарихындағы "ең ауқымды" әлем чемпионаты өтеді

Қыркүйекте Қазақстанда күрес тарихындағы "ең ауқымды" әлем чемпионаты өтеді
© olympic.kz
2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония астанасында өтетін Токио-2020 Олимпиадасына алғашқы іріктеу сайысы болатындығымен ерекшеленеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионатында Олимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін елордалық "Барыс Арена" мұз сарайында 100 елдің 993 мықты палуаны күш сынасады.

Чемпионатқа 200-ге жуық БАҚ өкілдері тіркеліп, жанкүйерлер 7000-нан астам билеттерді сатып алды.

Мәртебелі меймандар арасында UFC ауыр салмақтағы чемпионы Дэниель Кормьенің, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылығының келуі күтілуде. Чемпионатқа қатысушылар арасында да көптеген жұлдызды спортшылар бар. Еркін күрес өкілдері арасында 97 келі салмақтағы ресейлік "Танк" Абдулрашид Садулаев пен америкалық Кайл Снайдер арасындағы ымырасыз белдесуі ең көп күткен тартыс деп санауға болады. Сондай-ақ, италиялық Франк Чамизо мен американдық палуан Джордан Барроуздың арасындағы айқын қақтығыс болатыны күтілуде. Үш дүркін Олимпиада чемпионы, грек-рим күресі бойынша кубалық Михайн Лопез Нұр-Сұлтанға Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін және төрт олимпиадалық алтынды жеңіп алған ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы және жалғыз палуан жапондық Каори Ичоға теңестіру үшін келеді.

"Алда жауапты ic-шара, біз оған толығымен дайынбыз. Алдымызда қойылған өршіл мақсат - күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізу. Қазақстандық балуандарға келер болсақ, бірнеше күн бұрын 65 келі, 86 келі, 92 келі және 125 келі салмақтарында еркін күрес шеберлері арасында қорытынды белдесулері өткізілді. Осы салмақтарда екі үміткерден болды. Алайда, ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев және кеңес-жаттықтырушы Маирбек Юсупов басқаратын жаттықтырушылар штабымен екі жеңіске жеткен, әділ таңдау нәтижесі бойынша, әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын ұлттық құраманың ақтық құрамы анықталды. Мен батырларымызды осымен құттықтағым келеді. Жаттықтырушылар құрамы өзінің жоғары біліктілігіне сай, палуандарымызды дұрыс функционалды, физикалық және моральдық-психологиялық күйде әлем чемпионатына жеткізуіне үміт артып, балуандарымыздың сапалы және әдемі өнер көрсететіне сенімдіміз", - деді Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбай.

Айта кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 14-22 қыркүйек аралығында өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама