auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысатын 6 ел

Қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысатын 6 ел
Pinterest
Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да бірер күн қалды. Нақтырақ айтсақ, төрт күннен кейін төрткүл дүние асыға күткен төртжылдықтың басты додасы басталады.

Жарыстың ресми сайты хабарлағандай, Оңтүстік Корея жеріндегі ақ қар мен көк мұздағы аламанға әлемнің 92 елінен 2925 спортшы қатысады. Бұл осыған дейінгі Олимпиада ойындары қатысушылары санынан асып түскен рекордтық көрсеткіш.

Қысқы Олимпиадаға қатысатын құрамалар арасында спортшылар саны бойынша АҚШ алда. Бұл елден барлық спорт түрі бойынша 242 спортшы қатысады. Канада – екінші орында. Үйеңкі жапырақты елден Пхенчхандағы додаға 226 спортшы қатысады. Ал қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысайын деп жатқан елдер де бар.

Эквадор

Оңтүстік Американың солтүстік-батысында орналасқан мемлекеттің спортшылары жазғы Олимпиада ойындарына қатысып жүрсе де, қысқы Олимпиадаға қатыспаған. Оңтүстік Корея жерінде алғаш болып бұл елдің атынан Туы көтеріледі. 38 жастағы шаңғышы Клаус Юнгблут Родригес жүлде үшін таласып көретін болады.

Эритрея

Африканың солтүстік-шығысындағы елдің қысқы Олимпиада ойындарына қатыспағанына күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Себебі бұл ел жер бетіндегі ыстық аймақтардың бірі. Пхенчхандағы додаға бұл ел атынан тау шаңғы спортынан Шеннон Огбани-Абед қатысады. Ол қазір Канадада тұратын эритериялық спортшы.

Косово

2008 жылы Сербиядан тәуелсіздік алғанын жариялаған шағын ел дүниежүзілік саясатта дау тудырған. Бір елдер Косовоның тәуелсіз ел болғанын қолдаса, біраз елдер қарсы шыққан. Бүгінде 2 миллионға жуық халқы бар елдің спортшылары өз туларымен халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Пхенчханда бұл елдің намысын тау шаңғы спортынан Албин Тахири қорғайды. Бұл спортшы негізі Словенияның тумасы.

Малайзия

Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі саналатын елдің спортшылары бірде-бір рет қысқы Олимпиадаға қатыспаған. Оңтүстік Корея жеріндегі жарыста бұл елден екі спортшы қатысады. Бірі – Джеффри Уэбб (тау шаңғы спорты), екіншісі – Юлиан Йи (мәнерлеп сырғанау).

Нигерия

Нигериялық спортшылардың да қысқы Олимпиада ойындарына қатыспай келгені табиғи климатымен байланыстыруға болады. Пхенчханда бұл елдің атынан АҚШ-та өскен бобслейшілер қатысады.

Сингапур

Әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі болып саналатын Сингапур елі Олимпиада ойындарынан жүлде алған спортшыларына қомақты сый береді. Әйтсе де осыған дейін бұл ел қысқы Олимпиада ойындарына қатыспапты. Оңтүстік Кореяда бұл елдің атынан 18 жастағы шорт-трекші Шайенн Го шығады. Ол негізінен Канадада жаттығады екен.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Додада 102 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама