auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Спорт және спиртті ішімдіктер: пайда мен зияны

Спорт және спиртті ішімдіктер: пайда мен зияны
©

Жоғары сапалы алкоголь ішімдіктері аз мөлшерде адам ағзасына зиян келтірмейді. Бірақ жаттығу жасаған кезде солай қала бере ме, яғни, спортпен шұғылданып жүріп, ішімдік ішуге бола ма? Болса қанша мөлшерде және қай уақытта? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін алкгольдің ағзаға әсерін және спортпен шұғылдану кезінде ішкі жүйеде қандай процесстер жүретінін түсіну қажет. 

Алкогольдің пайдасы мен зияны 

Ішімдікті орынды ішкеннің өзінде оның санаулы ғана пайдасы бар. Ішімдік әсерінен жүйкеге түсетін күш азаяды, физикалық белсенділік артады, асқорту жақсарады. Ішімдік ауырсынғанды басып, қандағы гемоглобин мөлшерін көбейте алады (бұл қызыл шарапқа қатысты), осылайша, ішкі органдарға оттегін айдайды. Дегенмен мұндай әсер күніне 150 миллилитр шарап немесе 30-50 миллилитр арақ ішсе ғана болады.

Этил спиртінің пайдасынан гөрі зияны бірнеше есе көп, ал бұл спирт ішімдіктің барлық түрінде кездеседі. Сондықтан спортпен шұғылданатын адамдарға таза спирт пен оның негізіндегі сусындар туралы бірнеше ғылыми деректерді білген жөн:

  • Психологиялық күй ауысады. Мас күйде қауіптілік деңгейін бағалау төмендейді, кесірінен жаттығуды орындау дұрыс болмайды. Сонымен қатар, жүйке жүйесі босаң күйге түседі, ал бұл қозғалыс координациясын бұзады және рефлекстер мен реакция баяулайды. Мұның бәрі сіздің жарақат алып қалуыңызға себеп болуы ықтимал.
  • Ішімдік диурезді күйшейтеді. Арттық жаттығу орындаған адам көбірек терлейді, ал оның үстіне ішімдік ішкен адамның ағзасы судан жылдам айырылады. Мұның салдары қиынға соғыуы мүмкін. Қан қоюланады, бұлшық ет тіндеріне оттегінің микронутриенттері мен молекулаларын жеткізу нашарлайды, ал бұл спортпен шұғылдануыңызды жоққа шығарады. Оттегі жетіспеуінен жоғары мөлшерде лактат (сүт қышқылы) бөліне бастайды, оның әсерінен бұлшық ет синтезі нашарлайды. Яғни бұлшық ет өсірудің орнына кері әсер болуы мүмкін. Лактаттың көп мөлшерде болуы жаттығудан кейінгі бұлшық еттің ауырсынуы мен тартылып қалуының негізгі себебі.
  • Тестостерон бөлінуі төмендейді немесе тоқтап қалады. Ер адамның ағзасы жыныстық гормонды қаншалықты көп бөлсе, спорттық жаттығудың нәтижесі соншалықты жоғары болады. Ал ішімдік салдарынан ерлердің негізгі гармоны - тестостеронның секрециясы баяулайды. Бұл күш көрсеткішіне де әсер етеді.
  • Физикалық жылу реттеу нашарлайды. Спирттік ішімдіктер қан тамырларын кеңейтіп, жылу шашуды жоғарлатады, демек, дене температурасы төмендейді. Сондықтан мас күйде жаттыққан адам суық тигізіп алуы мүмкін. Мұндай салқын күні далада жаттығу кезінде жиірек болады.
  • Зат алмасу бұзылады. Ішімдік ішкеннен кейін бауыр токсинді белсендірек ыдырата бастайды. Салдарынан тамақпен бірге келген ақуыз, микроэлементтер, дәрумендерді сіңіру нашарлайды. Ал бұл ағза үшін жақсы емес екені айтпаса да түсінікті. 
  • Энергия жылдам жұмсалады. Аданың ағзасы жиналған май немесе гликогенді жағу арқылы күш-қуат алады. Спорттық жаттығу кезінде соңғысы көбірек жұмсалады, өйткені майдың энергияға айналуы баяу жүреді. Гликогенді үнемі толықтырып отыру қажет, ол өте баяу процесс, оның үстіне ішімдік ішсе, одан бетер нашарлай түседі. Үнемі жаттығатын адамдар көмірсуы жоғары диетаны ұстанады, егер спортшылар ішімдік іше бастаса, онда қажетті деңгейде азықтана алмайды. Демек жаттығуының нәтижесі де төмен болады.
  • Қантамыры мен жүрекке ауырлық түседі. Бұл артериалық қысымыңыздың жоғарлауына, ырғақтың бұзылуына, жүректің қатты соғыуна әкеледі. Демек мастық толыққанды жаттығуға мүмкіндік бермейді, тіпті жүрек талмасына әкелуі мүмкін. 

Ішімдікті тек спортпен шұғылданар алдында ғана емес, одан кейін де ішуге болмайды. Бұлшық еттің өсуі, шыдамдылықтың артуы және жақсы қалыпта болу тек дұрыс таңдалған жаттығу кешені мен тұрақты дайындалуға ғана тәуелді емес, қалыпқа келіп, күш жинау да қажет. Ол дегеніміз толыққанды тынығуды керек етеді. Ал алкоголь ұйқы фазаларын бұзады, бұл протеиннің бөлінуін баяулатады да, сәйкесінше бұлшық ет тіндерінің өсуіне бөгет етеді.

Маңызды! Жоғарыда айтылғанның бәрі алкогольді үнемі және көп мөлшерде ішкенде болады. Алайда 1-2 стакан шарап аса зиян келтірмейді. 

Спорт пен алкоголь үйлесімділігіне қатысты

Құрамында этил спирті бар ішімдіктерді спортшыларға бірнеше жағдайда ішуге болмайды:

  • Спортпен кәсіпқой түрде шұғылданғанда, әсіресе жарысқа дайындалар кезде.
  • Спортзалға барар алдында.
  • Тыныс алу, қантамыр жүйесі, жүрек пен бүйрегінің созылмалы аурулары бар адамдарға.
  • Жаттығудан кейін бірден.

Спорттық жатығудан кейін 1-2 бокал сыра немесе шарап ішуге болады, бірақ бір шарты бар - жаттығудан кейін 4-6 сағат өтуі керек. Осы уақытта гликоген қоры толығып, артық сүт қышқылы жойылады, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы қалпына келеді. Әлбетте ішімдік аз мөлшерде болып, толыққанды тамақтануыңыз керек екенін ұмытпаған жөн. Бірақ тым көп және майлы емес тағамдармен. 

Мастықтан кейін кейінгі күйде (похмелье) жаттығу

Кейде қатал тәртіп ұстанатын адамар да бірнеше күн тоқтамай алкоголь ішетін кездер болады. Той-томалақ, мерекелер тағы басқасы 2-3 күн жалғасуы мүмкін. Әлбетте ұзақ ішкеннен кейін мастықтан кейінгі синдром (похмелье) пайда болады. Ал көпшілік осы кезде көбірек жаттығып, қан жүгіртсе, жылдам қалыпқа келеміз деп ойлайды. Ал дәрігерлер мастықтан кейін кемі 2 күн жаттығу жасауға тыйым салады. Өйткені мастықтан кейін спортпен шұғылдану инфаркт пен инсультке дейін жеткізуі мүмкін. 

Мастық белгілері әбден тараған кезде ғана, яғни, бас ауыру кетіп, жүрек қағысы орнына түсіп, әлсіздік, тремор мен бас айналу кеткенде ғана спорпен қайта шұғылдануға болады. 

Мастықтан кейін қалыпқа келу үшін көбірек су, дәруменді тамақ ішіп, жақсы ұйықтау керек. Токсиндерді ағзадан тезірек шығаруға энтеросорбенттер, ал бауыр жұмысын қалпына келтіруге гепатопротекторлар мен дәрумендер кешені көмектеседі. Ал мастықтан кейін 2-3 күнде қалыпқа келмей жатсаңыз дәрігерге қаралған абзал, жаттығуға мүлде болмайды. 

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен қорытынды шағарсақ, алкоголь мен спорт - үйлеспейтін дүниелер. Алайда шаршауыңызды ішімдікпен басқыңыз келсе, мұны ақылмен істеу қажет. Демек ішімдікті артық ішпей, токсиндер ағзаңыздан шыққанға дейін жаттықапаған жөн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
30 қазан 2023, 12:37
Қазақша жаңалықтар
©gov.kz Қазақстан Азия Пара ойындарын 11-орынмен аяқтады
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама