Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Өмірзақ Шөкеев әлемді бағындырған түркістандық спортшыларға құрмет көрсетті

Әкім спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздің абыройын асқақтатып жүрген жеңімпаз спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында бокстан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов, Тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Камила Көпбаева, бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет, Тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әсел Далиева, Тоғызқұмалақтан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы Лина Каримова және тоғызқұмалақтан спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Саят Жандарбек бар.



"Биыл сәуір айында Түркияның Анталия қаласында өткен Әлем чемпионатында тоғызқұмалақтан жарысқа түскен жерлестеріміз сәтті өнер көрсете білді. Жиырмаға жуық елден спортшылар қатысқан дүбірлі бәсекеде Түркістан облысының спортшылары 2 алтын және 2 күміс медальға қол жеткізді. Атап айтсақ, Әсел Дәлиева бір алтын және бір күміс медальға иелік етсе, Лина Каримова да ел қоржынына алтын жүлде салды. Ал Жандарбек Саят күміс медальды жеңіп алды. Осылайша, облысымыздың 2 өрені әлем чемпионы атанып отыр", - делінген хабарламада. 



Сонымен қатар Тайландтың Банкок қаласында ұйымдастырылған  бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатында түркістандық Бек Нұрмағанбет жеңімпаз атанған болатын.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы елдің абыройын асқақтатқан спортшылар мен білікті жаттықтырушыларға құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады. Спортшылар қауымы өңір басшысына ризашылықтарын білдіріп, алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолды жалғастыруға күш салатындарын жеткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости