Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Таеквондодан әлем біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты жалауын көтереді

Таеквондодан әлем біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
© olympic.kz
Мамыр айында таеквондодан осы жылғы ең беделді жарыс өтеді. Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты жалауын көтереді деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем чемпионатында ең мықты таеквондошылар анықталып қоймай, олимпиадалық лицензияға таласуға қажетті маңызды рейтингтік ұпайларды жинауға  мүмкіндік береді.

Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Манчестердегі жарысқа қатысатын спортшыларды іріктеп алды. Британияда төселетін даянгте 16 қазақстандық таеквондошы медальға таласады. Ерлер арасында Самат Темірхан (54 кг), Елдос Ысқақ (58 кг), Эльдар Бірімбай (63 кг), Нұрсұлтан Мамаев (68 кг), Қайрат Сарымсақов (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг) және Руслан Жапаров  (+87 кг).

Қыздар арасындағы жарысқа Айнұр Уашпай (46 кг), Айнұр Есбергенова (49 кг), Фариза Алданғарова (53 кг), Ботагөз Қопанова (57 кг), Фатима Жақсыбаева (62 кг), Ақсәуле Ерқасымова (67 кг),  Жансель Дениз (73 кг), Мереке Жүнісова (+73 кг).

Жарыс кезінде қандай мақсат қойылғандығы туралы команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Еставлетов қысқа қайырды.

"Бір-екі медаль жеңіп алғымыз келеді. Қазір Оңтүстік Кореяда чемпионатқа дайындалып жатырмыз",- деді Батырбек Еставлетов.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости