Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Данияр Елеусінов АҚШ-та тәжірибелі мексикалық боксшыны жеңді

Данияр Елеусінов АҚШ-та тәжірибелі мексикалық боксшыны жеңді
zimbio.com
Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасындағы бокс кешінде болды.

Жартылай орташа салмақтағы Елеусінов-Ортис жекпе-жегі барлық сегіз раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан 79-70, 79-71 және 79-71 көрсеткішімен қазақстандыққа берді.

Жетінші раундта Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, бірақ мексикалық жігіт тым төмен түскен кезде ол артық соққы жібергені үшін бір ұпайдан айрылды. Төрешілер Ортис есін жиғанша біраз уақыт беріп, дәрігер шақыртты, ол кейін мексикандыққа жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді.

28 жастағы Елеусіновтің еншісінде алты жекпе-жектен алты жеңіс (үш нокаутпен) бар, ал 36 жастағы Ортис карьерасындағы 24-ші жеңіліске ұшырады, сондай-ақ, оның активінде 37 жеңіс (18 нокаутпен) бар.

2019 жылдың алғашқы жекпе-жегі Елеусінов үшін кәсіби карьерасындағы ең ұзағы болды. Бұған дейін 2018 жылы қарашада ол никарагуалық Маркос Мохикамен (16-3-2, 12 КО) сегіз раунд форматында жұдырықтасқан, бірақ үшінші раундта нокаутпен жеңді.

Елеусінов профиде алғаш рет сәуірде өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монакода өткізген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости