Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Криштиану Роналду футболдағы ізбасарын тапты

Форвард "Ювентус" басшылығынан оны сатып алуды сұрап отыр.

Криштиану Роналду футболдағы ізбасарын тапты
© RT
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду клуб португалиялық "Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Жоау Фелишті тез арада өздеріне алу керек деген ойда, - деп хабарлайды Sportsmole.

Роналдудың ойынша, Фелиш футбол әлемінде оның ізбасары бола алады. Португалиялық "Ювентус" басшылығынан келісімшартты жылдамырақ аяқтауды сұрап отыр. Өйткені 19 жастағы хавбек туриндіктерге келесі Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көмек болады екен.  

Алайда Фелишке италиялық клуб қана қызығып отырған жоқ, жартылай қорғаушыны "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити" және "Реал" өз сапында көргісі келеді.

Фелиштің өзі "Ювентуске" ауысуға қарсы емес. Биылғы маусымда ол 37 матчте 16 гол салды және тоғыз нәтижелі пас берді. 12 сәуірдегі германиялық "Айнтрахтқа" қарсы ойында (4:2) хавбек Еуропа лигасының 1/4 финалында хет-трик жасаған ең жас футболшы атанды. 

Айта кетейік, 16 сәуірде голландиялық "Аякс" туриндік "Ювентусты" 1/4 финал кезеңінде Чемпиондар лигасынан шығарып тастады. 

Роналду "Ювентуске"  мадридтік "Реалдан" 2018 жылы жазда ауысқан. Футболшының трансфері 112 миллион еуро болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости