Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Роналду тоғыз жылда алғаш Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайды

Туриндіктер "Аякске" есе жіберді.

Роналду тоғыз жылда алғаш Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайды
Криштиану Роналду. © Reuters
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың командасы, туриндік "Ювентус" 1/4 финалда Чемпиондар лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі матч қорытындысы бойынша "Ювентус" голландаиялық "Аякстан" (1:1; 1;2) ұтылды.

Осылайша, Роналду тоғыз жылда алғаш Чемпиондар лигасының финалында ойнамайды. 2009/10 маусымында сапында португалиялық ойнаған мадридтік "Реал" 1/8 финалда франциялық "Лионнан" ұтылған болатын. 

 "Реал" сапында Роналду төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған (2014, 2016, 2017 және 2018 жылдары).

Айта кетейік, 1/8 финалда "Аякс" Чемпиондар лигасынан "Реалды" (1:2; 4:1) шығарып жіберген еді.

Чемпиондар лигасының жартылай финалына голландиялықтардан бөлек "Барселона" шықты, каталондықтар 1/4 финалда англиялық "Манчестер Юнайтедтен" (1:0; 3:0) басым түсті.

Бүгін,17 сәуірде жартылай финалда ойнайтын тағы екі команда анықталады: португалиялық "Порту" өз алаңында англиялық "Ливерпульмен" (бірінші матч 0:2), ал "Манчестер Сити" өз алаңында "Тоттенхэммен" (0:1) ойнайды.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусым Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости