Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Чемпиондар лигасы плэй-офф кезеңіне өткен барлық командалар анықталды

Еуропа лигасына өткен командалар да белгілі.

Чемпиондар лигасы плэй-офф кезеңіне өткен барлық командалар анықталды
© EPA-EFE/FRIEDEMANN VOGEL
0
12 желтоқсанға қараған түні Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы алты матчы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобында франциялық ПСЖ түркиялық "Галатасарайды" 5:0 есебімен тас-талқан етті. Париждіктер сапынан 32-минутта Мауро Икарди, 35-минутта Пабло Сарабия, 46-да - Неймар, на 63-те - Килиан Мбаппе гол соқты, ал 84-минутта Эдинсон Кавани пенальтиден көзге түсті.



Бұл топтың екінші матчында бельгиялық "Брюгге" испаниялық "Реалдан" жеңілді - 1:3. 53-минутта қанжығасын майлаған Родрингоның голына алаң иелері бір минуттан соң Ханс Ванакеннің дәл соққысымен жауап қатты. Бірақ қонақтар кейін жауапсыз екі гол тоғытты: 64-минутта Винисиус Жуниор мен 91-минутта Лука Модрич көзге түсті.



Күннің орталық матчы Мюнхенде өтті, "Бавария" В тобы аясында "Тоттенхэмді" қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. Неміс клубы сапынан Кингсли Коман (14-минутта), Томас Мюллер (45), Фелипе Коутиньо (64) гол соқты. Ал ағылшындардан 20-минутта Райан Сессеньон қанжығасын майлады.



Бұл топтың басқа матчында "Олимпиакос" өз алаңында сербиялық "Црвена Звезданы" жеңді - 1:0. Грекиялық клуб жалғыз голды 87-минутта соқты - Юссеф Эль-Араби пенальтиден мүлт кетпеді.



С тобында загребтік "Динамо" "Манчестер Ситиге" ірі есеппен жол берді - 1:4. 10-минутта Дани Ольмо хорваттарды алға шығарған, бірақ Англия чемпионы Габриэль Жезустің (34-ші, 50-ші және 54-ші минутта) хет-тригі мен Фил Фоденнің (84) голымен жауап қатты.



Донецкілік "Шахтер" плэй-офф сарапқа салынған матчта италиялық "Аталантадан" ірі есеппен жеңілді - 0:3. 66-минутта украиналық клуб Тимоти Кастаньнен гол жіберді. Кейін 80-минутта Марио Пашалич, 94-минутта Робин Госенс өз командасының басымдығын ұлғайтты. Айта кетерлік жайт, 77-минутта "кеншілер" сапынан Додо алаңнан қуылған болатын.



D тобында "Атлетико" мәскеулік "Локомотивті" 2:0 есебімен қапы қалдырды. Испаниялық клубтан 17-минутта Жоау Феликс пенальтиден гол соқты, ал 54-минутта Фелипе есепті ұлғайтты. Матчтың екінші минутында ресейліктердің қақпашысы Антон Конченков Кевин Трипьердің 11 метрден жасаған соққысын кері қайтарған болатын.




Топтың екінші матчында германиялық "Байер" "Ювентуске" 0:2 есебімен жол берді. Италия чемпионы сапында Пауло Дибала екі нәтижелі пастың авторы атанды: 75-минутта ол Криштиану Роналдудың гол соғуына көмектессе, 92-минутта Гонсало Игуаинге дәл пас берді.



Осылайша, Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне бірінші орынмен ПСЖ, "Бавария", "Манчестер Сити", "Ювентус", "Ливерпуль", "Барселона", "РБ Лейпциг" және "Валенсия" шықты, ал екінші орынмен өткендер - "Реал", "Тоттенхэм", "Аталанта", "Атлетико", "Наполи", "Боруссия" Дортмунд, "Лион" және "Челси".

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі 16 желтоқсанда УЕФА-ның швейцариялық Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді. Ал матчтар келесі жылы ақпан мен наурызда болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости