auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Чемпиондар лигасы: "Ливерпуль", "Барселона" мен "Челси" жеңді, Милик хет-трик жасады, ал "Зенит" ұтылды

Чемпиондар лигасы: "Ливерпуль", "Барселона" мен "Челси" жеңді, Милик хет-трик жасады, ал "Зенит" ұтылды
Reuters©
11 желтоқсанға қараған түні Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы, алтыншы туры аясында сегіз матч өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Е тобында италиялық "Наполи" бельгиялық "Генкті" 4:0 есебімен тас-талқан етті. Аркадиуш Милик хет-трик жасады. Ол 17 жастағы Мартен Вандевордттың қақпасына 3, 26 және 38-минутта гол соққан. Ал 74-минутта Дрис Мертенс матч нүктесін қойды.



Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы "Ливерпуль" сырт алаңда австриялық "Зальцбургті" 2:0 есебімен жеңді. Англиялық клуб екінші таймда қатарынан екі гол соқты: 57-минутта Наби Кейте, 58-минутта Мохамед Салах көзге түсті.



F тобында "Интер" өз алаңында "Барселонаның" аралас құрамына 1:2 есебімен жол берді. 23-минутта Карлос Перес қонақтарды алға шығарған, 44-минутта италиялық клуб Ромелу Лукакудың голымен жауап қатты. Кездесудің 87-минутында 17 жастағы Ансу Фати "Барселонаға" жеңіс сыйлады.



Бұл топтың екінші матчы Дортмундта өтті, "Боруссия" чехиялық "Славияны" қабылдап, 2:1 есебімен жеңді. Неміс клубы сапынан Джейдон Санчо (10-минутта) мен Юлиан Брандт (61), қонақтардан Томаш Соучек (43) қанжығасын майлады. 77-минутта алаң иелері сапынан Юлиан Вайгль алаңнан қуылғанымен, "Боруссия" жеңісті уысынан жібермеді.



F тобында франциялық "Лион" германиялық "РБ Лейпцигтен" 0:2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіре алды. Бірінші таймда қонақтар екі рет пенальтиден гол соқты: 9-минутта Эмиль Форсберг көзге түссе, 33-минутта Тимо Вернер нүктеден дәл соққы жасады. Бірақ екінші таймда Уссем Ауар (50-минутта) мен Мемфис Депайдың (82) голдары алаң иелеріне жеңіс сыйлап, плэй-оффқа жолдама берді.



Бұл топтан Еуропа лигасына "Бенфика" аттанды, португалиялық клуб өз алаңында "Зенитті" 3:0 есебімен тас-талқан етті. "Бенфикаға" жеңісті Франко Серви (47-минутта) мен Пиццидің (58, пенальтиден) голдары және Сердар Азмунның автоголы сыйлады. Матчтың 57-минутында Ресей чемпионы сапынан Дуглас Сантос алаңнан қуылған.



Голландиялық "Аякс" Н тобында өз алаңында испаниялық "Валенсиядан" жеңілді - 0:1. Жалғыз голды 24-минутта Родриго соқты, ал 93-минутта қонақтар он ойыншымен қалды - Габриэль Паулиста алаңнан қуылған.



Англиялық "Челси" өз алаңында франциялық "Лилльді" жеңді - 2:1. Лондондықтар сапынан 19-минутта Тэмми Абрахам мен 35-минутта Сезар Аспиликуэта көзге түсті. Ал 78-минутта Лоик Реми есеп айырмасын қысқартты.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама