Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Аз Алкмардан" бес гол өткізген "Астана" плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

Қазақстандық клуб мүлде ұпай жинамады.

"Аз Алкмардан" бес гол өткізген "Астана" плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды
© Тұрар Қазанғапов
0
Елордалық "Астана" Еуропа лигасының 4-турында голландиялық "АЗ Алкмардан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

L тобындағы ойын 7 қарашада "Астана Аренада" өтіп, қонақтардың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда бір ғана гол соғылды. 29-минутта голландиялық клубтың 18 жастағы шабуылшысы Майрон Боаду есепті ашты.



Екінші таймның басында матч тағдыры шешілді деуге болады. АЗ екі минуттың ішінде "Астана" қақпасына тағы екі гол тоғытты: 55-минутта Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Фредрик Мидтше, 57-минутта Марокоо құрамасының форварды Уссама Идрисси көзге түсті.



76-минутта Грекия құрамасының қорғаушысы Пантелис Хацидиакос өз командасының төртінші голын соқты. Араға бір минут салып, Боаду дубль жасады.



24 қазанда Голландияда АЗ "Астананы" 6:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, "Астана" топтағы төрт матчында да жеңіліп, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Енді "Астана" 28 қарашада англиялық "Манчестер Юнайтедті" қабылдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости