Садриддин Ахмедовтың төрт титул үшін жекпе-жегіне тікелей трансляция

Сурет: Eye Of Tiger Managment

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) голландиялық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жекпе-жекке шығады,- деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленеді.

Кейінгі рет Ахмедов рингке былтыр желтоқсанда Монреальда шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутқа түсірген. Садриддин үшін алдағы айқас Мексикадағы бірінші кездесуі. Кәсіпқойдағы жекпе-жектерінің бәрін ол Канадада және біреуін Қазақстанда өткізген. 

Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 06:30-да басталады. 

Тікелей трансляцияға сілтеме>>>>>>