Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" клубы Фабио Арудан командадан кеткені үшін өтемақы талап етеді

Фабио Ару UAE Team Emirates командасымен үшжылдық келісімшарт жасасты.

"Астана" клубы Фабио Арудан командадан кеткені үшін өтемақы талап етеді
Фабио Ару. © CBS
"Астана" клубы Фабио Арудан командадан кететін тым кеш ескерткені үшін өтемақы талап етеді. Бұл туралы клубтың бас менеджері Александр Винокуров мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, Арудың осы әрекетінің салдарынан клуб басшылыға оған тең келетін деңгейдегі шабандозды тауып үлгермеген. 

"Бұл енді адвокаттардың ісі болады, себебі ол созбақтап жүріп алды, - деді Винокуров. - Жақсы бір мәмілеге келуі үшін "Тур де Франс" өткеннен кейін бірден айтуы керек еді. "Мен кетуді жөн көрдім", - десе болғаны. Мұны бейбіт жолмен шешуге болар еді. "Тур де Франс" өткеннен кейін біз басқа кандидаттарды қарастырар едік, болмаса осы сомаға Уранмен келісер едік. Екі апта қалғанда ештеңкені өзгерте алмайсың, барлық шабандоздар бос емес. Сол себепті де адвокаттар шешетін болады. 

- Олар нені шешеді?

- Одан қанша өтемақы талап ететінімізді, себебі біз үздік шабандозымыздан айырылып қалдық. Ыңғайсыз әрине, бірақ ол өзі осындай жолды таңдады. Біз оның осыншама жылдар бойы команданың намысын өорғап келгені үшін алғыс білдіреміз. 

"Ол бізге амал қалдырмады". Винокуров Фабио Арудың "Астана" клубынан кетуі жайлы

Еске салайық, Фабио Ару UAE Team Emirates командасымен үшжылдық келісімшарт жасасты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости