auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

WSB жобасының финалдық кездесуі Алматыда өтуі мүмкін

WSB жобасының финалдық кездесуі Алматыда өтуі мүмкін
Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) VII маусымының финалдық жекпе-жегі Алматы қаласында өтуі мүмкін. Бұл туралы "Астана арландары" клубының бас менеджері Саят Әбілдин "Литер" газетіне берген сұқбатында айтып берді. 

Елорадалық "Астана арландары" өз тарихында жобаның финалына төртінші рет шығып отыр. Биылғы маусымның жартылай финалында біздің команда британдық "British Lionhearts" командасынан айласын асырды. Енді финалды "арландар" "Куба қабылдары" командасымен кездеседі. 

"Финалдық кезеңге шыққанымызға қуаныштымыз. Өткен жылы жартылай финалда біз британдық командадан жеңіліп қалған едік. Биыл есе қайтардық. Енді қазіргі уақытта финалдық кездесудің өтетін жері анықталып жатыр. Әрине, біз маусым басында финалға шығатынымызды нақты білмедік. Финалға шыққан соң AIBA-мен финалды Алматы қаласында өткізу туралы келіссөз бастадық. Негізі біз финалды "ЭКСПО-2017" көрмесі барысында өткізгіміз келген болатын. Бірақ дәл финал өтетін күндері елордадағы спорт кешендері басқа іс-шараларды өткізеді. Сондықтан біз Алматы қаласын ұсынып отырмыз. Финал Қазақстанның басқа қалаларының бірінде де өтуі әбден ықтимал", - дейді менеджер. 

Айта кетейік, финалдық бірінші жекпе-жектері 23-24 маусымға белгіленсе, екінші кездесулер 1 және 2 шілдеге белгіленіп отыр. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар