Ковалев - Альварес кездесуінен кейін реванш бола ма?

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварестың келісімшартында реванш туралы мүлде айтылмаған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жекпе-жектің келісімшартында екі тарапта реванш туралы мүлде тіс жармаған. Меніңше, Ковалев жеңіске жетеді. Бұл кездесу шахмат ойыны сияқты өтеді. Альварес жақын арақашықтықта жұмыс істеуге талпынады, ал Ковалев өз джебімен оны алыста ұстауға тырысып бағатын болады. Кімнің джебі мықты, кімнің корпуспен жұмысы нәтижелі екенін байқайтын боламыз", - деді ресейлік боксшының менеджері Эгис Климас.

Айта кетейік, Ковалев - Альварес жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді. Ресейлік боксшының белбеуі сарапқа салынады.
Жаңалықтар