Өзбекстандық Головкин әлемнің ең мықты боксшысымен айқасады

©Allboxing

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) бірінші орта дивизионда WBA чемпионы өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-0-1, 7 KO) жекпе-жек өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас 3 тамыз Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінің басты кездесуі болады. Жекпе-жекте WBO титулы мен Мадримовтың белбеуі сарапқа салынады. 

Әлемдегі ең мықты боксшы кім екені ашық айтылды

Қарсыластар көзарбасу рәсімін де өткізіп үлгерді. 

29 жастағы Мадримов наурызда бұрын жеңіліп көрмеген ресейлік Магомед Курбановты бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA титулын иеленген еді. Осы жеңістен кейін промоутер Эдди Хирн өзбек боксшыны "жаңа Геннадий Головкин" деп атаған еді.

36 жастағы Кроуфорд кейінгі рет 2023 шілдеде жұдырықтасып, тоғызыншы раундта отандасы Эррол Спенсті нокаутқа түсірді. Осылайша, ол бірінші орта салмақта абсолют чемпион атанған болатын. Ал осыған дейін бірінші жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар