Нұрдәулетов кәсіпқойда бұрын жеңілмеген нокаутшыны сабады

©Suleimen Promotions

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) Алматыда өткен "IBA чемпионадырының түні" турнирінде өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулетов доминиканалық Луис Антонио Техедомен (9-0-1, 6 КО) сегіз раундтық жекпе-жекке шықты. Бұл айқаста төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңді. 

Еске салайық, Бекзат әуесқойда (81 келіде) 2019 жылы Екатаренборда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport