Азияны жеңген қазақ боксшының кәсіпқойдағы айқасы белгіленді

©MTK_Kazakhstan

Әуесқойда 2019 жылы Азия чемпионы болған қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтің (6-1, 4 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.

Тұрсынбай 26 сәуір Англияның Хайтон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Қазақ боксшының қарсыласы 40 жастағы польшаплық  Роберт Таларек (28-24-3, 19 КО). Жекпе-жек орта салмақ лимитінде болады және алты раундқа есептелген. 

Тұрсынбай 2023 жылдың желтоқсанынан бері рингке шыққан жоқ. Ол кезде Англияда қазақ боксшы франциялық Фуад Эль-Массудиді (18-22-1, 2 КО) жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар