"Канелоның" қыркүйектегі кездесуі өтпей қалуы мүмкін

"Канело" Альварес. Сурет: DAZN
Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) қыркүйек айына жоспарлап отырған кездесуі өтпей қалуы мүмкін. Мексикалық боксшы DAZN компаниясының басшыларымен ұрысып қалыпты. Бұл туралы Boxingnews24.com хабарлап отыр. 

ESPN ақпараты бойынша, "Канелоға" DAZN келісімшартта ұсынған ақшадан төмен сыйақы ұсынып отыр. Бірақ мексикалық боксшы бұған келіспеуде. Оның негізгі сыйақысы 35 миллион доллар болу керек. 

Альварес пен Golden Boy қыркүйекте екінші орта салмақта WBA белбеуінің иегері британдық Каллум Смитпен кездесуге ниетті. Бірақ DAZN компаниясының сыйақыны төмендетуіне байланысты бұл кездесуді ұйымдастыру мүмкін болмай тұр. 

"Альварес жаттығу жасап жатыр. Ол қыркүйектегі кездесуге дайын. Егер барлығы оның қолында болса, "Канело" кездесуді хабарлап қоятын еді. Бірақ оған бағынбайтын да дүниелер бар. Қазір барлығы DAZN-нің міндетін толық атқара ма, жоқ па осыны күтіп отыр", - деп жазады "Канелоның" заңгері Грег Смит. 

Еске салайық, Альварес 2018 жылы DAZN стримингтік сервисімен 11 кездесуге 365 миллион долларға келісімшарт жасады. 


Метки:
Жаңалықтар