Геннадий Головкин - ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

© vk.com/ggolovkin
Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 миллион доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 миллион доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен.

Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды. Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 миллион долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар