Энтони Джошуа Тайсон Фьюримен жекпе-жекке келісті

©ToFight.ru

Аса ауыр салмақта WBA, IBF және WBO белбеулерінің бұрынғы иегері ұлыбританиялық Энтони Джошуа (26-3) отандасы, аса ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюримен (32-0) кездесу өткізуге келісім берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осыған дейін Фьюри Джошуаға үндеу жасап, 26 қыркүйек күніне жекпе-жек өткізуге келісім бер деген болатын. 

"Мен көп жылдан бері мықты қарсыластармен айқас өткізуге келісімшарт жасап жүрмін. Сондықтан дәл қазір келісімшарт маған емес, заңгерлерге байланысты. Егер сіз бокс тарихын білетін болсаңыз, заң жағынан бәрі дұрыс болу керек екенін түсіну керексіз. Осы үшін де менеджемент пен заңгерлер жұмыс істейді. Әрине, мен келісімшартқа қол қоямын. Бірақ дәл қазір оны заңгерлер тексеруде", - деді Джошуа Boxing Social жобасының YouTube арнасына берген сұқбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар