Титулды жекпе-жекте жеңіске жеткен қазақ кәсіпқойлары әлемдік рейтингте жоғарлады

Сурет: Suleimen Promotions
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) мен жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) титулды жекпе-жектеріндегі жеңістен кейін рейтингте жоғарлады. 

Боксшылар 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында жұдырықтасты. Ербосынұлы төрешілердің шешімімен Рокки Джеркичті жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia белбеулерін қорғап қалды.

Жаңабаев та төрешілер шешімімен Стив Гагодан үстем болып, WBA Inter-Continental, WBO Oriental, IBF Pan Pacific титулдарын біріктірді.

Осылайша, Ербосынұлы BoxRec рейтингінде екінші орта салмақта төрт саты жоғарлап, 52-ші орынға тұрақтады. Ал Жаңабаев дивизионында 11 сатыға өрлеп, 66-шы болды.