"Сұмдық нокаутпен күйретеді". Головкин салмағындағы WBC титулы үшін жекпе-жек жеңімпазы аталды

25 қыркүйек 2020 09:50
Сурет: SportArena

Mayweather Promotions компаниясының басшысы Леонард Эллербе орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты. 

"Ағайынды Чарлолар жұдырықтаса алатын, мықты қарсыластармен жекпе-жекке шығады. Оңай болмайды. Олардың салмағында әлсіздер жоқ. Джермалл өміріндегі ең мықты кездесуін өткізеді - үлкен арена мен трансляция үшін ақысымен. Деревянченкомен ол ашыла түседі.

Бұл айқас алты раундқа дейін бармайды. Чарло сұмдық нокаутпен жеңеді. Деревянченкода тәжірибе бар, кейбір жақсы боксшылармен жұдырықтасқан, бірақ, Чарлодай ешкімге қарсы келмеді. 

Чарлода керектің бәрі бар. Атлетизм, дағды, бұл мүмкіндіктер оны биікке жетелейді. Джермаллдың күші мен шеберлігі Деревянченконы күйретеді", - деп береді Эллербенің сөзін Tribuna.com.