Сарапшы Әлімханұлы алғашқы қорғауыдан кейін қандай қиындыққа тап болатынын айтты

©Top Rank

Вoxing247 порталының шолушысы Джеф Сорби Vesti.kz тілшісіне орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) кездесуінен не күтетінін айтты. Әңгіме барысында ол алдағы кездесуде Жәнібектің қандай қиындыққа тап болатыны туралы айтты. 

Бұл кездесу 13 қараша күні Лас-Вегаста өтеді. Кеше боксшылар бірінші рет бетпе-бет кездесті. 

"Top Rank компаниясына Әлімханұлына қарсылас таңдау оңай болмады. Мықты боксшылардың көбісі онымен айқасуға келіспеді. Сөйтіп, олар рейтингте 14-орында тұрған боксшыны таңдады. Негізі мұндай рейтингте тұрған боксшыны таңдау дұрыс емес. Дегенмен де қарсылас жаман деуге келмейді. 

Менің ойымша, Жәнібек еш қиналмастан жеңу керек. Алайда содан соң оған қарсылас табу қиын болады. Ол Головкинмен кездеспейтінін ашық айтты. Енді тек Мунгия мен Чарло қалып тұр. Қазақстандық боксшы осы қарсылас үшін тым қауіпті. Десе де, ол қатты танымал емес. Яғни, кездесуін сату қиын. Сондықтан басқа салмаққа ауысуды ойлаған дұрыс шығар", - деді Сорби. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport